Шағын футбол жарысы

2019 жылдың 01-02 наурыз аралығында аудандық білім бөлімінің , № 6 орта мектебінің әкімшілігінің, «Аудан әкімдігінің жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуының 30 жылдығына» және «Жастар жылына» арналған шағын футболдан ұстаздар арасында аудандық жарыс өткізілді.
Жарысқа 13 команда жарыс жолына шықты. Жеребе арқылы № 1 орта мектебі, Д. Бабатайұлы атындағы орта мектебі, № 4, № 5, № 6 орта мектептері, К. Бозтаев атындағы орта мектебі, мектеп – гимназия, мектеп – лицей командасы, С. Ғаббасов атындағы орта мектебі, балалар – жасөспірімдер спорт мектебі, Ж. Жабаев атындағы орта мектебі, М. Әбеулов атындағы орта мектебі, Тарбағатай орта мектеп командалары 4 топқа бөлінді.
Жартылай ақтық ойындарға балалар–жасөспірімдер спорт мектебінің командасы, № 1 орта мектебі командасы, № 5 орта мектебі, Тарбағатай орта мектебінің командалары шықты. Ақтық ойынға спорт мектебі және № 1 командалары шығып, жеңімпазды анықтады. ІІІ орынға № 5 орта мектебінің командасымен Тарбағатай орта мектебінің командасы таласты.
Тартысты ойында І орынды № 1 орта мектебінің командасы, ІІ орынды балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің командасы, ІІІ орынды Тарбағатай орта мектебінің командасы иеленді. № 5 орта мектебінің командасы да жақсы ойын көрсетіп, үздіктер қатарынан көріне білді.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер және үздік ойыншылар № 6 орта мектебінің әкімшілігінің,«Аудан әкімдігінің жастар ресурстық орталығының» кубоктарымен, медальдарымен, сертификаттарымен, бағалы сыйлықтарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.