«Digital Agent» (Цифрлық агент) мобильдік қосымшасы

 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, халықтың алған қызметінің сапасын шынайы уақыт режимінде бағалау және шағым жасау бойынша «Digital Agent» (Цифрлық агент) мобильдік қосымшасын іске қосты. Мобильді қосымша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын 5 балдық жүйе бойынша бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қосымша қызметті бағалау кезінде фото және бейнематериалдарды бекітуге мүмкіндік береді. Ол үшін қосымшаны "Google play" немесе "App Store" мобилдік жүйлерінен   жүктеп алуға болады.