Туберкулездың айлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында және 2011 жылдың 17 маусымындағы  Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің «Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы күрес бойынша іс-шараларды жетілдіру шаралары туралы» №404 бұйрығының 3-ші тармағының 4-ші тармақшасына, 5-ші тармағының 1,2 тармақшаларына сәйкес

Аягөз ауданында  Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні (24 наурыз) қарсаңында «Өзіңді туберкулезден қорға!» ұранымен 24 ақпан 2019 ж – 24 наурыз 2019 ж аралығында  айлық ұйымдастырылып, шаралар бастап жүргізілуде.

25.02.2019 ж  Аягөз аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Абзиева С.Т  аудандық орталық ауруханасының перзентхана бөлімінде жас аналарға туберкулез ауруының алдын алу шаралары туралы дәріс өткізді. Барлығы  10 әйел және 8 медициналық қызметкер қатысты.  Сонымен қатар Аягөз аудандық  қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы Қонысбаева А.С  мектептерде  оқушылар арасында  туберкулез ауруы,берілу жолдары,клиникасы,алдын алу шаралары туралы дәріс жүргізді. Барлығы 70 оқушы қатысты. Жоспар бойынша туберкулез айлығында Аягөз ауданы бойынша барлық мектептер,мекемелер,ұйымдар туберкулездің алдын алу бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарымен қамтылу көзделуде.

28.02.2019 ж «Қазығұл» емдеу мекемесінде медицина қызметкерлері арасында туберкулездің алдын алу бойынша айлыққа байланысты семинар өткізілді. Семинарды Аягөз АОА  аудандық фтизиатр дәрігері Бөлегенова А.О, Аягөз аудандық  ҚДСБ бас маманы Абзиева С.Т  жүргізді. Семинарда ҚР ДСМ 13.12.2018 ж шыққан №39 «ҚР ДСМ бірқатар бұйрықтарына өзгерістер және қосымшалар енгізілу туралы» бұйрығымен таныстырылды және туберкулез ауруы бойынша толық мәлімет берілді. Барлығы 17 адам қатысты. 

Аягөз аудандық қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасы