«Өнерге қанат қаққандар» балалар фестивалі

2019-жылдың 27-ақпан күні аудандық «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйінде «Өнерге қанат қаққандар» атты  әншілер, аспапта ойнаушылар және жасөспірім бишілер тобы қатысқан  өнерпаз балалардың шығармашылық фестивалі өтті. Бағдарламада әр ұлттың билері, қазақ композиторларының әндері болды.

Фестивальде  «Жас қанат»  вокалдық ұжымының әншілері, жетекшісі С.Жұмабеков,  А.Сарбасованың  басқаруындағы вокалдық топ, «Изумруд», «Айгерім», «Шаттық» бишілер тобы жақсы өнер көрсетті. Концертке келген көрермендер өнер көрсеткен әрбір әншіге қолшапалақтап қошеметтеп және гүлдер ұсынып отырды. Фестивальдің соңында барлық қатысушылар дипломмен марапатталды.