«Ауған ақиқаты» атты кездесу кеші

2019 жылы 15 ақпан күні «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» Аягөз аудандық филиалында Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан толық шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Ауған ақиқаты» атты кездесу кеш өтті.   

Іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері Бураханов Ерболат Аманғалиұлы, Ахметов Серік Қажикенұлы, Жатақбаев Бейбіт Кәрімұлы қатысып майдан кезіндегі сұрапыл естеліктерімен бөлісті. Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің бөлім басшысы Ләззат Әлжанқызы құттықтау сөз сөйледі. Аягөз қаласының политехникалық колледж студенттері мен К.Бозтаев атындағы мектептің 8 сынып оқушылары сұрақ қойып, ардагерлерге тілектерін білдірді. «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» мәдениет үйінің әншілері Оспанов Қуатжан мен Аманкелді Сұлтан ән-шашу арнады. Кеш соңында музей қонақтарына экспозициялық бөлімдерге  экскурсия жүргізілді.