Ауған жерінен шығарылғанының 30 жылдығына арналған арналған іс - шаралар

Аягөз  ауданының  білім мекемелерінде  Кеңес  әскерлерінің Ауған  жерінен  шығарылғанының 30 жылдығына   арналған арналған   кездесулер, әскери – спорттық  сайыстар, көрмелер, ән байқаулары  т.б іс – шаралар өткізілді.

14 ақпан  күні 10810 әскери  бөлімінде ерекше  кеш  өткізілді. Мәдениет  бөлімі  секторының  жетекшісі, «Айгерім» би  тобының жетекшісі кіші  сержант Омарбекқызы Айгерім және әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің бастығы Гульмира Утешеваның ұйымдастырумен өткен  кешке қонақтар, ардагерлер шақырылып, оқушылардың концерттік бағдарламасын тамашалады «Әйгерім» би  тобы әр саладағы, әр  ұлттың  билерімен көрермендерді  баулып  алды. Әскери  қызметкерлерінен  құралған  оркестр өз  өнерлерін  көрсетті, әншілер  ән  айтып, музыкалық  аспаптармен өнерлерін  көрсетті.  «Шығыс ұландары» көрермендер назарына АК 74 автоматын  шашып, жинап  көрсетті,салтанатты саптық жаттығулар  көрсетті,  қоян – қолтық ұрыстың элементтерін  көрсетті. Кеш  соңында  ардергерлерге Аягөз  гарнизонының  бастығының  атынан гүл  шоқтары және  марапат  қағаздар  берілді.