«Мектеп лигасының» ІІ аудандық кезеңінің волейбол жарысы
2019 жылдың 16 – 17 ақпан аралығында 2004 – 2005 ж.т. ұлдар, қыздар арасында «Мектеп лигасының ІІ аудандық кезеңінің волейбол жарысы балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің және аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруларымен Мамырсудағы спорт мектебінің және С. Ғаббасов атындағы орта мектебінің спорт залдарында ұлдар, қыздар көпсалалы қазақ мектеп - гимназияның және № 10 гимназияның спортзалдарында өткізілді.
Ауданымыздың 16 мектебінің командалары қыздар жарысына,18 команда ұлдар жарысына қатысты. Жиыны 272 оқушы қатысты.
Ұлдарда да, қыздарда да 4 топқа бөлінген командалар жүлделі орындарға таласып бақты.Командалардың ойын деңгейі өскені байқалып тұрды. Ұлдарда да, қыздарда да 4 командадан жартылай ақтық ойындарға шығып, жүлделі орындарды сарапқа салды.Жарыс болған соң мықтылар ұтатыны белгілі.
Ұлдар арасында І орынды көпсалалы қазақ мектеп гимназия командасы,ІІ орынды Айғыз орта мектебінің командасы иеленсе,ІІІ орынды Т. Көбдіков атындағы орта мектебінің командасы иеленді.
Қыздар арасында І орынды көпсалалы қазақ мектеп гимназия командасы,ІІ орынды № 7 орта мектебінің командасы иеленсе,ІІІ орынды № 10 гимназия командасы иеленді. Жарыстың «Ең үздік ойыншысы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік доп беруші» номинацияларымен үздік ойыншылар және жеңімпаздар мен жүлдегерлер балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің кубоктарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.