ІХ облыстық қыстық Спартакиада аясында өткізілген шаңғымен спорттық бағдарлау жарысы
2019 жылдың 15 – 18 ақпан аралығында Өскемен қаласында ІХ облыстық Спартакиада аясында шаңғымен спорттық бағдарлау жарысы өткізілді.
Бағдарламасына келетін болсақ:
Ұлдар: 12 жас – 1700 м -8 бақылау пункті
14 жас – 2600м - 12 бақылау пункті
16 жас – 3500 м – 14 бақылау пункті
18 жас – 4400 м – 20 бақылау пункті
Қыздар:12 жас – 1 700 м - 8 бақылау пункті
14 жас – 2600м - 12 бақылау пункті
16 жас – 3500 м – 14 бақылау пункті
18 жас – 4400 м – 20 бақылау пункті
Ауданымыздың оқушылары аталған жарыстан мол тәжірибе жинап қайтты, жақсы нәтижелер көрсете білді. 1 оқушымыз – 1 орын, 4 оқушымыз – 3 орындарды иеленді. Жалпыесептік көрсеткіш бойынша қыздар жүлделі ІІІ орын, ұлдар ІV орын иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығының кубоктарымен, медальдарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.