Ауған жерінен шығарылғанының 30 жылдығына арналған шағын футбол жарысы

2019 жылдың 16 ақпан күні спорт  мектебінің спорт  залында «Рауан» АСАҰ ҚБ, балалар –жасөспірімдер  спорт  мектебі,  білім бөлімдерінің ұйымдастырумен Кеңес әскерлерінің Ауған  жерінен  шығарылғанының 30 жылдығына   арналған  ауыл  мектептерінің 10 – 11 сынып  оқушылары  арасында  шағын  футбол  жарысы  өткізілді.

12 ауыл мектептерінің  жас  футболшылары  жүлделі  орындарға  таластарын  бастап  кетті. Дегенмен,  мықтылар ұтатыны  белгілі. Суырылып  алға  шыққан С.  Ғаббасов атындағы  орта  мектебінің  командасы  І  орынды, Қ.  Қадыржанов  атындағы  орта  мектебі командасы ІІ  орынды, Ақтоғай- 8 орта  мектебінің  командасы ІІІ  орынды  иеленді.  Барлығы аудан әкімінің орынбасары Б.  Сулейменовтың, «Рауан» АСАҰ ҚБ-ң төрағасы Т.  Ормановтың  кубоктарымен, мақтау  қағаздарымен  марапатталды.