«Кеңес әскерлерінің Ауған  жерінен  шығарылғанының 30 жылдығына  және Ауған  каһарманы, «Қызыл Жұлдыз»  орденінің  иегері Қ.  Оспановтың атындағы   «Шығыс  ұландары» сыныптары бөлімшелерінің  арасындағы әскери – спорттық  жарыс

2019 жылдың 13 ақпан күні «Кеңес  әскерлерінің Ауған  жерінен  шығарылғанының  30 жылдығына   арналған және Ауған  каһарманы,Қызыл Жұлдыз  орденінің  иегері Қ.  Оспановтың атындағы  «Шығыс  ұландары» бөлімшелері  арасындағы әскери – спорттық  жарыс № 6 орта  мектебі әкімшілігінің, «Шығыс  ұландары» сыныптарының  жетекшілерінің  ұйымдастыруымен , Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі Спорт  комитеті-Аягөздің Армия орталық спорт  клубы филиалының қолдауымен   оңтүстік  қалашықтағы  спорт  кешенінде  өткізілді.10810 әскери  бөлімі  командирінің  м.а подполковник Д.Сүттібаев , № 6 орта  мектебінің  директоры Л.  Молдашева,аудандық  білім  бөлімінің  әдіскері  С.  Қыржыбаев, Ауған  соғысының  ардагері Б.Бураханов  қонақтарға,  қатысушыларға  ізгі  тілектерін  білдіріп,  қатысушыларға  сәттілік  тіледі. Ашылу  салтанатынан  соң, жас  бишілер мың  бұралып би  билеп, әскери  қызметкерлердің  орындауларында әндер  айтылып, музыкалық  аспаптарда әсем  әндер  орындалды.

Жарыс  бағдарламасына  келетін  болсақ, мина- жарылғыш  кедергілерден  өту,кіріктірілген  эстафета(оқу  автоматы АК -74 шашып,  жинау,матыда алдыға  домалау, РХБҚ жаттығуы), дартс  ату, жаралыны  тасу, капитандар  сайысы.  Аталған  іс – шараны  өткізуге  ат  салысқан спорт  кешеннің  бастығы Р.Бутабаевқа,спорт   кешеннің  аға  нұсқаушысы С.  Кокеновке  айтар  алғысымыз  шексіз.Патриоттық  тәрбиенің  жас  ұландарға берері  мол  екені  айтпаса  да  белгілі.

Жарыс  жоғарғы  деңгейде  өткізілді.  Жарысқа  жиыны  8 команда   қатысты. Жарыс  жеңімпазы  болып, «Жеңіс» (Жетекшісі М.  Нурпеисов),  командасы, ІІ  орынды «Аягөз  арландары» (Жетекшісі Р.  Бейсеков),ІІІ  орынды «Тарлан» (Жетекшісі Н.Нуржауов), командалары  иеленіп, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі Спорт  комитеті-Аягөздің Армия орталық спорт  клубы филиалының  медальдарымен, Ауған соғысы  ардагерлерінің  кубокторымен ,мақтау  қағаздармен  марапатталды.