Ауған  жерінен Кеңес Одағы әскерлерінің  шығарылғанына 30 жыл толуына арналған  «Жас  сарбаз» әскери – спорттық   жарыс

2019 жылдың  8 ақпан күні аудандық  білім  бөлімі, «Рауан» АСАҰ ҚБ, Аягөз  қаласының қорғаныс  істері жөніндегі  біріктірілген  бөлімі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі спорт комитеті Армия орталық спорт клубының (филиал, Аягөз қаласы) спорт кешенінің ұжымымен бірлесіп, спорт  кешенінде Ауған  жерінен Кеңес  Одағы   әскерлерінінің шығарылғанына  30 жыл толуына арналған  әскери –спорттық  сайыс өткізді.Жарысты басқару  спорт  кешенінің сержанты  С. Көкеновке,№ 4  орта  мектебінің  АӘД  жетекшісі Б. Орынбаевқа және  дене  шынықтыру  пәні мұғалімдеріне тапсырылды. Жарыс  орындары  тыңғылықты  дайындалған.Ашылу  салтанатында Ауған  соғысының  ардагерлері  кеңесінің  төрағасы Т.  Орманов,Аягөз  қаласының қорғаныс  істері жөніндегі  біріктірілген  бөлімінің  бастығының  орынбасары  майор М.Сарсеев ,әскери қызметке  шақыру жөніндегі инспектор В.Салибаева, аудандық бөлімінің әдіскері С.  Қыржыбаев, № 4 орта  мектебі  директорының м.а М. Райымбеков ақ  тілектерін  аямады.  Мектептің мың бұралған «Айгерім» би  қыздар тобы әдемі би  билеп, жас  әншілер әсем  ән  айтып, көрермендерді  тәнті  етті.

Жарысқа қаланың № 3орта  мектебі мен  К.  Бозтаев  атындағы орта  мектептерінен  басқа барлық   орта мектептер  командалары  және  ауылдық  округтен А.  Көшкімбаева атындағы орта  мектеп  командалары  қатысты.

Жарыстың  түрлері төмендегідей  болды:

1.     «Таяқша  беру» 

2.     «Рота,дабыл!» 

3.     «Дартс» капитандар  сайысы 

4.     «Жаралануғанды  тасу»  

5.     «Мина» алаңынан  өту

6.     Аралас эстафета

Болашақ  Отан  қорғаушыларымыз  бар  мүмкіндіктерін  пайдалана  отырып,  жақсы  көрсеткіш  көрсетуге  талпынды. 

І  орынды № 4 орта  мектебінің  командасы, ІІ  орынды № 10 гимназия  командасы, ІІІ  орынды Д. Бабатайұлы атындағы  орта  мектебінің командасы иеленді.

Жүлдегерлер мен  жеңімпаздар «Рауан» АСАҰ ҚБ –нің және Аягөз  қаласының Қорғаныс  істері  жөніндегі  біріктірілген  бөлімнің кубогымен, мақтау  қағаздарымен    марапатталды.