Қала жастарымен кездесу

2019-жылдың 1-ақпан күні аудандық «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйінде «Жастар біздің болашағымыз» атты қала жастарымен кездесу өтті. Кездесуге қаламыздағы мекемелердің әр саласында қызмет істейтін мамандар келіп қатысты. Аудандық білім бөлімі, орталық мешіттің наиб имамы, аудандық аурухананың психологы және аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері баяндама жасады. Олар жастарымыздың мәселелері мен оларды шешу және болашақ жастарымызды тәрбиелеу жөнінде айтты. Кездесуге қатысушылар аудандық «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйінің әртістерінің дайындаған «Құрсақтағы сәби» атты қойылымын тамашалады.