Қол күресінен іріктеу жарысы

2019 жылдың 17-18 қаңтар аралығында Д. Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ –нің спорт залында 2002 ж.т. және одан төмен жастағы жасөспірімдер (ұлдар, қыздар) арасында қол күресі жарысы өткізілді. Жарысты орталық мешіт және білім бөлімі бірлесіп өткізді және тағайындаған төрешілер алқасы жүргізді.
Ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің әдсікері С. Қыржыбаев, орталық мешіттің бас имамы Думан Нәдірұлы, мектеп директоры Ж. Сапақова қатысушыларға жақсы тілектерін айтып, сәттілік тіледі. Бас төреші Ж. Қыржыбаев жарыстың өту тәртібімен таныстырып өтті. Жарыс облыстық Чемпионатқа іріктеу болып есептеледі,жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар аудандық құрама команда сапына енді. Ауданымыздың 22 орта мектептерінің және политехникалық колледж командалары қатысқан жарысқа 200 – ден артық оқушылар қатысты.Былтырғы жарыстарға қарағанда, оқушылардың шеберлігі артқандығы көрініп тұрды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге келетін болсақ:
40 кг - І орын – А.Дәлелханов - № 5 ом
ІІ орын – Д. Нұрзатұлы – Ж. Жабаев ат ом
ІІІ орын – Б.Турсағатов -Сарыарқа ом
45 кг –І орын –О. Ануаров- № 10 гимназия
ІІ орын – М. Ерланұлы – Қ. Қадыржанов ат. ом
ІІІ – орын – Б. Ахметжанов –О. Менаяқұлы ат ом
50 кг – І орын – А. Кузембаев - № 5 ом
ІІ – Е. Сейілғазин – Сарыарқа ом
ІІІ орын- Е. Ерсайын – Ақши ом
55 кг – І орын - Қ. Ержанов- № 5 ом
ІІ орын – А.Қабиев – Сарыарқа ом
ІІІ орын – Т. Советбек – О. Менаяқұлы ат. ом.
60 кг – І орын – Е. Тоқтамысов - № 10 гимназия
ІІ орын – А. Қурманғали - № 3 ом
ІІІ орын –Б. Орынбеков - № 5 ом
65 кг- І орын – Н. Төлешов – политехникалық колледж
ІІ орын – Б. Қабдоллаев - № 4 ом
ІІІ орын –Н. Мурат – Ақтоғай -8 ом
70 кг – І орын – Д. Амангелдіұлы – Сарыарқа ом
ІІ орын –Б.Қанатов- Ш. Уалиханов ат. ом
ІІІ орын - Б.Солтанғазиев –К. Бозтаев ат. ом.
80 кг – І орын- Е. Жанатов – Д. Бабатайұлы ат. о.м.
ІІ орын – Н. Калиханов - № 4 ом
ІІІ орын – М. Қулмағанбетов - № 5 ом
80+ кг –І орын – Н. Оралбаев –Ақши ом
ІІ орын - Б. Ахметсабыров- Қ. Қадыржанов ат. ом
ІІІ орын С. Серикжанов - № 5 ом
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер орталық мешіттің медальдарымен,мақтау қағаздарымен марапатталады.
Наурыз айында өтетін облыс Чемпионатына оқушылар іріктеліп, дайындық жұмыстары жүргізілетіін болады.