Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі

Жылыту кезеңі ерекше жауапкершілікті талап етеді. Өрт-тілсіз жау, салдарынан адамдар барынын айырылады. Осыған байланысты өрт қауіпсіздігі сенбілігі барысында, Аягөз ауданының ТЖБ-нің қызметкерлері және Аягөз қаласының №50-өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен 2019 жылдың басынан тұрғын үй секторда 1050 аула аралау жүргізіліп, 1580 адам қамтылды.

Тұрғын секторда аула аралау барысында аудан тұрғындарымен өрт қауіпсіздігін сақтау іс-шаралары бойынша нұсқаулар өткізіліп, жадынамалар таратылды. Сонымен қатар Аягөз ауданының ТЖБ-нің қызметкерлері және Аягөз қаласының №50-өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы тұрғындарға, тұрғын үйлердегі пештерге жөндеу жұмыстарымен тексерулер жүргізу жайында және қолдан жасалған электр жылытқыш құрылғыларын қолдану, қауіптілігі жайында түсіндірілді.

Жұмыстар жалғасуда