«Жаңа Жыл» мерекесіне арналған волейбол жарысы

2019  жылдың 4 – 5 қаңтар аралығында № 3 орта мектебі және қалалық қазақ мектеп – лицейінің  спорт залдарында аудандық білім және ғылым беру қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен мектеп қызметкерлері арасында «Жаңа Жыл» мерекесіне арналған волейболдан жарыс өткізілді.

Жарысқа 14 команда қатысты.Олар: № 1 орта мектебі,Д. Бабатайұлы атындағы орта мектебі,№ 3, № 4, № 5, № 6 орта мектептері, К. Бозтаев атындағы орта мектебі,мектеп – гимназия, гимназия  № 10,мектеп – лицей,С. Ғаббасов атындағы орта мектебі, балалар – жасөспірімдер спорт мектебі, Ж. Жабаев атындағы орта мектебі,Т. Көбдіков атындағы орта  мектеп командалары.

Жартылай ақтық ойындарға спорт мектебінің командасы, № 1 ,№ 5 ,балалар – жасөспірімдер спорт мектебі, Т.Көбдіков атындағы орта мектептерінің командалары шықты. Ақтық ойынға спорт мектебі және № 1 командалары шықты. 2: 0 есебімен № 1 орта  мектебі командасының мерейі үстем болып, І орынды иеленді, ІІ орынды балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің командасы, ІІІ орынды алыстан  ат  терлетіп  келген, Т.  Көбдіков орта  мектебінің  командасы  ІІІ  орынды  иеленді.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер және үздік ойыншылар аудандық білім және ғылым беру қызметкерлері кәсіподақ комитетінің кубоктарымен,бағалы сыйлықтарымен, медальдарымен,мақтау қағаздарымен марапатталды.