Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған жасөспірімдер арасындағы шахматтан аудандық командалық жарыс

2018 жылдың 22-23 желтоқсан аралығында аудандық мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен, № 9 бастауыш мектебінде шахматтан оқушылар арасында командалық жарыс өткізілді. Жарыс орны жақсы дайындалған. Шахмат тақталары тізіліп, сағаттар қойылған. Аудандық мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ш. Нурмухаметов қатысушыларды  мерекелерімен  құттықтап, жақсы  ойын –өрнегін  көрсетулерін,сәттілік  тіледі,жарыстың бас төрешісі Ф. Усманов ережелерін түбегейлі түсіндіріп берді. Ауа - райының қолайсыздығына  қарамастан,жарысқа жиыны  7 команда: 3,№ 5, лицей, К.  Бозтаев  атындағы  орта  мектебі,№ 9 бастауыш мектебі, Ақши орта  мектебі, С. Ғаббасов  атындағы  орта  мектебінің командалары  қатысты. Шахматты мектептерде жандандырып жүрген ұстаздарға алғысымыз шексіз!!!

Жеребе арқылы өз қарсыластарын таңдаған командалар ойынды бастап кетті. Кесте арқылы айнамалы 6 тур ойналды. Жарыс болған соң, жеңімпаз анықталатыны белгілі. Нағыз мықтылар суырылып, алға шықты. Тартысты ойындардың нәтижесінде І орынды № 3 орта мектебінің жас шахматшылары (жетекшісі Ж.Ахметкалиева) қанжығаларына байлап, ІІ орынды № 9 бастауыш  мектебі (жетекшісі Ф.Усманов)командасы иеленсе, ІІІ орынды Ақши орта мектебінің (жетекшісі Н.Бейсеғожин) командасы иеленді. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің кубоктарымен, медаль, мақтау қағаздарымен марапатталды.