«Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған қыстық спорт түрлерінен жарыс

2018 жылдың 22 желтоқсан күні орталық стадионда Аягөз аудандық «Нұр  Отан» партиясы филиалының,аудандық білім және  мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімдерінің, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік күні» мерекесіне  арналған қыстық спорт түрлері бойынша жарыстар мектеп қызметкерлері және оқушылар арасында өткізілді.Жарыстың ашылу салтанатында мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің  маманы Ш. Нурмухаметов қатысушыларға ақ тілегін аямай, сәттілік тіледі. Жарыстың бас төрешісі С. Қыржыбаев жарыстың өту барысымен таныстырды.Жарысқа қатысушылар бір мезетте жарыстың бес түрінен сынға түсті. Атап айтсақ, мектеп қызметкерлері шаңғы тебу, коньки тебуден (айналмалы және  спринт)жарыс жолына шықса, оқушылар шайбалы хоккей және кросс жарысына қатысып, мықтыны анықтады.

Шайбалы хокккейден алдына жан салмай, І орынды Б. Майлин атындағы орта мектебінің командасы иеленсе, ІІ орынды Шынғожа батыр атындағы орта мектебінің командасы, ІІІ орынды № 6 орта мектебінің командасы иеленді.

Кросс жарысында (1000 м) ұлдар арасында І орынды  А.  Рыспаев(№ 3 ом),ІІ орынды Б.  Сакенов  (№ 4 о.м), ІІІ орынды Б.  Кабыкен(№ 10 гимназия) алса, қыздар арасында 600 м жүгіруден І орынды А.Оралбекова (№ 4 ом),ІІ орынды  Ж. Жазубаева (Д. Бабатайұлы ат. о.м.), ІІІ орынды З.Саятова (№1 о.м.) иеленді.

Коньки тебуден (айналым,ерлер) І орындыК.  Байбазаров (№ 1 ом), ІІ  орынды А. Мусурманов(Б. Майлин ат. о.м.)  , ІІІ  орынды А.Жетписбаев ( № 6 ом)

Коньки тебуден (айналым,әйелдер) І орынды Б. Өментаева ( № 5 ом),А.  Боздақова  ІІ орынды (№ 3ом), ІІІ орынды  А.  Елшибекова ( №1 ом) иеленді.

Коньки тебуден (спринт,ерлер) І орынды  А.  Кананов  (№ 4 ом), ІІ  орынды Б.  Абдуллин (№ 1 ом) , ІІІ  орынды Н. Жумағулов ( лицей)

Коньки тебуден (спринт, әйелдер) І орынды А.Боздақова (№ 3 ом), ІІ орынды Б.  Өментаева (№ 6 ом) , ІІІ орынды  А.  Елшибекова ( №1 ом) иеленді.

 Шаңғы жарысында жекелей сында І орынды ерлер арасында Е. Игисинов (№ 4 о.м.),ІІ орынды Ж.Амансейт (№ 5 о.м.) , ІІІ орынды Е.Орынғожин (№ 1 о.м.) иеленді. Әйелдер арасында І орынды Б. Есмухаметова (Д. Бабатайұлы ат. о.м.), ІІ орынды Ш.Жантикеева (Д.Бабатайұлы ат о.м.) ,ІІІ орынды Э.Ниханбаева (№1 о.м.) иеленді.

Қыстық спорт түрлерін ауданымызда көтерудің алғашқы қадамы деп айтсақ артық болмас. Болашақта үлкен додаларда ауданымыздың спортшылары биік жетістіктерге жетеді деген сенімдеміз!Осындай қыстық спорт түрлерін дамытуда балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Е. Юсупов  орталық  стадионда  мұз  айдынын  құйып, қала тұрғындары мен қонақтарына тегін тарту етуде. Аудан тұрғындары бос уақыттарында стадионға келіп, коньки, шаңғы тебуіне жақсы жағдай жасалған.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Нұр  Отан»  партиясының және мәдениет тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің кубоктарымен,медальдарымен,бағалы  сыйлықтарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.