«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған мектеп қызметкерлері (әйелдер) арасындағы баскетбол жарысы

2018  жылдың  15 желтоқсан күні № 1 орта мектебінде мектеп қызметкерлері(әйелдер) арасында  «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған баскетболдан жарыс төртінші рет аудандық білім және ғылым беру қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен  өткізілді.

Ашылу салтанатында  аудандық білім және ғылым беру  қызметкерлері кәсіподақ комитетінің  төрайымы  С. Ещанова,аудандық  білім  бөлімінің  әдіскері С.Қыржыбаев  ұстаздарға салауатты өмір салтының маңызын айта келе, ауданымызда аталмыш мерекеге үлкен іс – шаралар өткізіліп жатқанын айта келе, қатысушыларға сәттілік тілеп,  мерекелерімен  құттықтады. №1 орта мектебінің әкімшілігі, ұжымы жарысты жоғарғы деңгейде өткізуге барын салды. Оқушылар  «Тәуелсіздік күні» мерекесіне  арналған әндер орындап, қатысушыларды тәнті етті.

Жарыстың бас төрешісі Т. Оспанов жарыстың өту тәртібімен таныстырды. Ауылдық  окургтен  келген  Сарыарқа  орта  мектебінің  командасы  да  жақсы  өнер  көрсете  білді.

Қатыспаған  мектептерде салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары төменгі дәрежеде жүргізілетінін көрсетеді.Ұстаздар салауатты өмір салтын дәріптесе, оқушыларымыз үлкен шыңдардан көрінетіні айдан анық.

Жарыс жоғарғы дәрежеде, ұйымдастырылып өткізілді. Командалар 2 топқа, жеребе арқылы бөлінді.Ақтық ойындарға мектеп – гимназия, № 10 гимназия, № 1 орта мектебі және № 3 орта мектебінің командалары шығып, жеңімпазды анықтады.

Жақсы ойын – өрнегін көрсетіп,төртінші  жыл  қатарынан  І орынды № 3 орта мектебінің командасы, ІІ орынды № 1 орта  мектебінің  командасы, ІІІ орынды № 10 гимназия  командасы иеленді.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер және үздік ойыншылар аудандық білім және ғылым беру  қызметкерлері кәсіподақ комитетінің кубоктарымен,медальдарымен,бағалы сыйлықтарымен , мақтау қағаздарымен марапатталды.