1 – желтоқсан тұңғыш  Президент күні 

29 қараша 2018 жылы Майлин ауылының кітапханасында ауыл  кітапханашысының ұйымдастыруымен «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Кітапханашы Т. Камалова Тұңғыш Президенттің өмірбаяны мен жүріп өткен жолдарынан терең  мағлұмат берді.

Президентіміз белгілеген бағдарламалар «Қазақстан - 2050»,  «Ұлт мүддесі-100 нақты қадам» және жыл сайынғы жолдау біздің адаспайтын жолымыз,айқын да ашық бағдарымыз. Тұңғыш Президентіміздің халық алдындағы еңбегі ұшан теңіз Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап,шекарасын шегелеп,болашаққа бағыт бағдар берген.

Әлемге қазақ деген ұлт, Қазақстан деген мемлекет бар екенін танымал еткен. Республикамызды басқарып отырған 27 жыл ішінде ел іргесі сөгілген жоқ, ұлтаралық татулыққа селкеу түспеді.