Тұңғыш  Президент  күні мерекесі

28 қараша 2018 жылы Ақшатау ауылдық кітапханасында Тұңғыш  президент күніне орай «Ел басы ел тірегі»атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашы А. Бозтаева  «Елі сүйген,елін сүйген елбасы» атты баяндама оқыды. Бұл іс- шараға  7 класс оқушылары мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.Жұмағазина  қатысты. Оқушылар тақпақтарын айтты. Кітап көрмесіндегі кітаптарға библиографиялық шолу өткізілді.