«Ұмытуға болмайтын, Ұлы тұлға» атты тақырыптық дәріс өткізілді

2018 жылдың 5 қараша күні «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМКҚ-ның Аягөз аудандық филиалында «Ұмытуға болмайтын ұлы тұлға» атты тақырыптық дәріс өткізілді.
Алаш қозғалысының Ту ұстаушыларының бірі, ұлы Абай рухының ізбасары Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл. Ақынның өмірі мен шығармашылығынан сұрақтар қойылып, оқушылар белсенді түрде жауап берді. Әндері орындалып, өлеңдері оқылды. Дәріске қалалық № 4 мектептің 7- 8 оқушылары мен жетекшілері қатысты.