Мектеп қызметкерлері арасындағы шағын футбол жарысы

2018 жылдың 2 – 3 қараша аралығында аудандық ғылым және білім беру қызметкерлері комитетінің ұйымдастыруымен № 3 орта мектебінің, балалар –жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залдарында мектеп қызметкерлері арасында шағын футбол жарысы өткізілді.
Жарыстың бас төрешісі Е. Игисинов командалар жетекшілерімен төрешілер отырысын өткізіп, жарыстың өту барысымен таныстырды. Жарысқа 15 команда қатысты.
Командалар 4 топқа, жеребе арқылы бөлінді. Жартылай ақтық ойындарға балалар –жасөспірімдер спорт мектебінің командасы, № 1орта мектебі командасы,Тарбығатай орта мектебі командасы,Ақши орта мектебінің командасы шықты. Ақтық ойынға спорт мектебі және № 1 командалары шығып, жеңімпазды анықтады. ІІІ орынға Тарбығатай орта мектебінің командасымен Ақши орта мектебінің командасы таласты.
Тартысты ойында І орынды балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің, ІІ орынды № 1 орта мектебінің командасы, ІІІ орынды Тарбығатай орта мектебінің командасы иеленді.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер және үздік ойыншылар аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің кубоктарымен, медальдарымен, бағалы сыйлықтарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.