«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы тоғызқұмалақтан аудандық жөсөспірімдер арасындағы жарыс

2018 жылдың 1 – 2 қараша аралығында Бозай ауылындағы Сергиополь орта мектебінде білім бөлімінің, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастрылуларымен тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасындағы жекелей жарысы өткізілді. Аудандық білім бөлімінің әдіскері С. Қыржыбаев, мектеп директоры Д. Есентемиров,оқу ісінің меңгерушісі А.Абаева қатысушыларға жылы лебіздерін білдіріп, сәттілік тіледі. Тоғызқұмалақтан ауданымыздың спорт нұсқаушысы Баймағанбет Семинарұлы жарыстың өті тәртібімен таныстырды.Жарыста төрешілік еткен мектептің математика пәнінің мұғалімі Д. Смағулов: «Қызықты, шиеленісті ойындар көп болды. Дәстүрлі жарыс жалғасын табады деген сенімдеміз» -деп сөзін қорытындылады.
Жарыс жүлдегерлері мен жеңімпаздары аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мақтау қағаздарымен, медальдарымен марапатталды.