Ұстаздар арасындағы Ұлағатты ұстаз, «Аягөз ауданының Құрметті азаматы», «Ы. Алтынсарин атындағы медальдің» иегер Б. Молдахановтың жүлдесіне арналған ІІ дәстүрлі баскетбол жарысы

2018 жылдың 5 – 6 қазан аралығында ұстаздар арасындағы ұлағатты ұстаз, «Аягөз ауданының Құрметті азаматы», «Ы. Алтынсарин атындағы медальдің» иегері Б. Молдахановтың жүлдесіне арналған ІІ дәстүрлі баскетбол жарысы «№ 1 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ – де өткізілді.
Спортзал әдемі безендірілген. Ашылу салтанатында өз сөз кезектерінде аудандық мәслихат хатшысы С. Ысқақов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысының м.а. Ж. Аманов қатысушыларды ұстаздар күні мерекелерімен құттықтап, осы жарыстың басында тұрған Б. Молдахановқа алғыстарын білдірді, салауатты өмір салтын насихаттаудағы еңбегі екенін атап өтті. Ұстаздар мерекесі қарсаңында ұйымдастырлған жарысқа сәттілік тіледі. Оқушылардың күшімен ән айтылып, би биленді. Мәжіліс залында қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі М. Есенгельдинаның ұйымдастыруымен Балғабек ағамызбен «Дара жол» бағдарламасы өткізілді. Жұбайы Шамшия апай, аудандық білім бөлімінің әдіскері С. Қыржыбаев, құдасы Қазбек және Балғабек ағамызды ортаға шақырылып, бағдарлама басталып кетті. Әріптес ретінде, жұбайы ретінде, туысы ретінде қызықты сұрақтар қойылып, қызықты жауаптар алынды. Балғабек ағамыз өмірінің жас кездеріндегі оқиғаларды қызықтыра айтып, көрермендер қызығушылықпен тыңдады. Қонақтар мектеп директоры М. Тоқтарбековнаға, ұжымына осындай іс – шара өткізгендіктеріне алғыстарын білдірді.
Жалпы, жарысқа ауданымыздың 8 орта мектептерінің командалары қатысты. Командалар жеребе арқылы 2 топқа бөлініп, командалар ауыспалы кубокка таластарын бастап кетті. Командалар барын салып, ақтық ойындар үшінгі жолдамаға бәсекелерін бастап кетті. Тартысты ойындардан соң мықтылар анықталды. Жақсы ойын көрсетіп, № 1 орта мектебі І орынды, ІІ орынды № 4 орта мектебінің командасы, көпсалалы қазақ мектеп - гимназия командасы ІІІ орынды иеленді.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер, әр ойын шебінде үздік ойын көрсеткен ойыншылар аудандық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен және Б.Молдахановтың демеушілігімен алынған арнайы ауыспалы кубогымен,бағалы сыйлықтарымен,медальдарымен марапатталды.