«Қазақстан Республикасы Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Мәңгілік елдің Елордасы»...

«Қазақстан Республикасы Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Мәңгілік елдің Елордасы» атты 10 класс оқушылары арасындағы
дәстүрлі әскери – спорттық жарыс
2018 жылдың 28 қыркүйек күні аудандық білім бөлімі, Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі Спорт комитеті-Аягөздің Армия орталық спорт клубы филиалының ұйымдастырумен оңтүстік қалашықтағы спорт кешені жанындағы спорт алаңында «Қазақстан Республикасы Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Мәңгілік елдің Елордасы» атты 10 класс оқушылары арасындағы дәстүрлі әскери – спорттық жарыс өткізілді. Ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Қыржыбаев, қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің маманы В. Салибаева,спорт кешенінің бастығы Р. Бейсеков болашақ Отан қорғаушыларға сәттілік тіледі.
Бағдарламасына келсек:
1.Белтемірде тартылу (рет)
2.Еденнен кеудені көтеру,шалқалап жатып, денені көтеру (1 мин)
4. Тізені жерден кезектеп тигізіп отырып,тұру(2 мин)
5. Жерде жатып екі тізені кеудеге жинап, аяқты аяққа созу(лягушка)(2 мин)
6 АК – 74 оқу автоматын шашып, жинау (уақытқа)
7 Оқжатарды шашып, жинау (уақытқа)
Жарыс жоғарғы деңгейде өткізілді. Төрешілер алқасы әділ төрешілік жасап, шын мықтыларды анықтады. Болашақ отан қорғаушыларға патриоттық тәрбие берудегі еңбектері үшін,спорт кешені бастығы Р. Бейсековке, аға спорт нұсқаушысы С. Кокеновке, сержанттарға үлкен алғыс.
Тартысқа келетін болсақ, І орынды № 4 орта мектебінің командасы,ІІ орынды № 1 орта мектебінің командасы және ІІІ орынды № 5 орта мектебінің командасы иеленді.
Жеңімпаздарды Аягөз қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің мақтау қағаздарымен марапатталды.