Қариясы бар үйдың, қазынасы бар

1 қазан 2018 жылы Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің Аягөз аудандық филиалында,Аягөз аудандық орталық кітапхана қызметкерлерілерімен бірлесіп, қарттар күні мерекесіне орай, «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» атты әдеби сазды кеш өткізілді. Бүгінгі қарттарымыз өмірдің әр белестерінен сүрінбей өтіп, қызығы мен шыжығын, тәттісі мен ащысын татып, біздерге, біздің балаларымызға үлгі-өнеге көрсетуде. Олардың істеген қажырлы еңбектерін елеп, елбасы, халық болып қарттарға барынша көңіл бөліп, құрметтеп, қадірлеп келеміз. Әдеби сазды кешке К.Бозтаев атындағы  орта мектептің 7 класс оқушылары, жетекшілері, оқушылардың ата-әжелері қатысты. Мерекелік кешке мұғалімдер мен оқушылар тыңғылықты дайындалып, кешке оқушылардың ата-әжелері шақырылды. Ата-әжелердің құрметіне немерелері ән айтып, би билеп, қолдан жасаған сыйлықтарын тарту етті. Жүргізуші сөз сөйлеп, қарияларымызға алғысын білдірді. Ата-әжелер де өз тарапынан алғыс сөздерін айтып, жиналған қауымға ақ тілек, баталарын берді. Мерекелік кеш, қызықты әрі әсерлі өтті.  Қарияларға қандай қызмет көрсетсек те көптік етпейді. Құрмет  ай бойы ғана емес, жыл бойы, өмір бойы көрсетілу керек. Қарт болу бар адамға бұйыра бермейді, сондықтан қарияларымызға зор денсаулық, отбасында тыныштық, немерелері мен шөберелерінің қызығын көре берсін деген тілектестік білдіреміз.