Аягөз  ауданындағы «Алтын күз» атты кросс  жарысы

2018  жылдың 29 қыркүйек күні   аудандық  білім  бөлімі және  мәдениет,тілдерді  дамыту, және спорт бөлімдерінің ұйымдастыруымен, № 7 орта  мектебінің  әкімшілігі, дене  шынықтыру  пәні  мұғалімдері  Т. Баймуратов, А. Жумагулов,  Л. Леднева, В. Пановтар  жарыс  орынын  жақсы  дайындап, жоғарғы  дәрежеде  өтуіне  ат  салысты.  Аудандық  орталық  аурухананың   жедел  жәрдем  қызметкерлеріне  де  айтар  алғысымыз  бар.

Жарысқа жалпы 20  команда  қатысты. Жиыны  300 –ден артық  оқушы  қатысты. Тамаша  ауа – райы да,  жарыстың  жақсы  өтуіне  себін  тигізді. Жарыс  жолына жас  спортшылар  шығып,  жүлделі  орындарды  сарапқа  салды.

Жарыс  соңында жеңімпаздар мен  жүлдегерлер аудандық  мәдениет, тілдерді дамыту,  денешынықтыру және  спорт бөлімінің мақтау  қағаздарымен  марапатталды.