Регбиден облыстық жарысы өтті

2018  жылдың 11 – 12 қыркүйек аралығында Өскемен қаласында Шығыс  Қазақстан облысы білім басқармасының облыстық қосымша білім  беру және  дене шынықтыру орталығының  ұйымдастыруымен регбиден 2003-2004 ж.т. жасөспірімдер  арасында облыстық жарыс  өткізілді. Аягөз  ауданының ұлдар  құрама  командасының  сапында № 4 жалпы  білім  беретін орта мектебінің оқушылары өнер көрсетсе, қыздар құрама  командасының сапында  № 4 орта  мектебінің, Д. Бабатайұлы  атындағы  орта  мектебінің, К. Бозтаев атындағы  орта мектебінің, № 3орта  мектебінің оқушылары  өнер  көрсетті. № 4 орта  мектебінің спорт  нұсқаушысы М.  Ардашев, «Жас техниктер станциясының» мұғалімі Е. Дюйсенғажыев дайындаған  ұлдар  командасы  І орынды, қыздар  командасы ІІ орынды  иеленді. Ұлдар құрама командасы Талдықорған  қаласында 27–30 аралығында  өтетін  Республикалық жарысқа жолдама алды. Құттықтаймыз!!!

Жарыс соңында командамыз Шығыс Қазақстан облысы білім  басқармасының облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығының мақтау қағаздарымен, медальдарымен, кубоктарымен  марапатталды.