«Денсаулық сандарына жет!» атты «Денсаулық фестивалі-2018»

9 қыркүйек күні ауданымыздың барлық білім мекемелерінде «Денсаулық сандарына жет!» атты «Денсаулық фестивалі – 2018» өткізілді. Спорттық іс-шаралар қала, кент және ауылдық округтердегі білім мекемелерінің спорт залдары, спорттық алаңдарында өткізілді. Байқаулар, конкурстар, ұлттық ойындар, спорт ойындары, ой ойындары сияқты ойындармен жалғасын тапты.