Салауатты өмір салты

Қазіргі заманда жеткіліксіз физикалық белсенділік маңыздылығы бойынша әлемдегі өлім тәуекелінің төртінші факторы болып табылады. Ол өлімдердің барлық жағдайларынан 6%-нда әкеледі. Маңыздылығы бойынша оны тек қана жоғары қан қысымы (13%) және темекі шегу (9%) асып түседі. Қандағы глюкозаның көп мөлшері ұқсас тәуекел деңгейінде (6%). Жыл сайын жеткіліксіз физикалық белсенділіктен 3,2 миллион адам қайтыс болады.

Физикалық белсенділік деген не? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныңанықтамасы бойынша, дене белсенділігі - жұмыс, ойындар, үй тапсырмасын, сапарларға және рекреациялық қызметі кезіндегі қызметті қоса алғанда, энергетикалық шығындарды талап ететін, қаңқа бұлшық етімен өндірілген кез-келген дене қозғалысы болып табылады. «Физикалық белсенділік» терминді «жаттығу» түсінігімен шатастырмау керек – бұл жоспарланған, құрылымдаған, қайталанатын физикалық белсенділіктің дәрежелерінің бірі болып табылады және физикалық күйдің бір немесе бірнеше компоненттерін жақсартуға немесе сақтауға бағытталған.    

Бірқалыпты және жоғары қарқынды физикалық белсенділік денсаулық үшін пайдасы зор.

Физикалық белсенділігінің әртүрлі нысандарының қарқындығы адамдар арасында түрленеді. Физикалық белсенділік жүрек және тыныс алу жүйелеріне пайдасын әкелу үшін әр жаттығуды 10 минуттан кем емес жасау қажет. ДДҰ ұсынады:

- балалар мен жасөспірімдерге: күн сайын 60 минут бірқалыпты және жоғары қарқынды белсенділік;

- ересектерге (18 жас және жоғары):аптасына 150минут бірқалыпты және жоғары қарқынды белсенділік.

     Физикалық белсенділігінің пайдасы. Жаяу жүру, велосипед немесе спортпен шұғылдану сияқты  жүйелі түрдегі физикалық белсенділік, денсаулыққа айтарлықтай айрықша әсер етеді. Адамдар күні бойы белсенді өмір салтының қарапайым жолдарын қолдана отырып, ұсынылған белсенділіктің деңгейіне өте оңай жетуі мүмкін.

   Тиісті қарқындылықтағы тұрақты физикалық белсенділік:

- бұлшықеттердің жағдайын жақсартады, сондай-ақ жүрек және тыныс алу жүйесінің;

- сүйектердің жағдайын және функционалды денсаулықты жақсартады;

- гипертонияның, жүректің ишемиялық ауруының, инсульттің, диабеттің, сүт безінің және тоқ ішегінің қатерлі ісігінің, осыған қоса депрессиянің даму тәуекелін төмендетеді;

- жығылу, сондай-ақ жамбасты және омыртқа жотасын сындыру тәуекелін төмендетеді;

- энергетикалық алмасу және қалыпты салмақты сақтау негізіне жатады.

       Физикалық белсенділіктің деңгейін қалай көтеру?Физикалық белсенділіктің деңгейін көтеру үшін барлық қоғамның, сондай-ақ жеке адамдардың деңгейінде шара қолдану қажет.

       Физикалық белсенділіктің деңгейлерін көтеруге бағытталған саясатына келесілер кіреді:

- жаяу жүруді және велосипедте жүруді қоса отырып, адамдардың белсенді жылжу нысандарына қолжетімділіктерін қамтамасыз ету, және олардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету;

- жұмыс орындарында физикалық белсенділікке ықпал ететін саясатын жүргізу;

- мектептерде оқушыларға бос уақыттарын белсенді өткізуге мүмкіндік беретін қауіпсіз алаңдарын және бөлмесін жасау;

- балаларда өмір бойы физикалық белсенді болуға мүмкіндік беретін ісәрекеттің моделін қалыптастыру және дамыту, және әр адам спортпен шұғылдана алатын спорттық және үзілістік құрылыстарын жасау.

      Жылы жыл мезгілі – қимыл белсенділігінің әр түрлерін меңгеруге қолайлы кезең. Физикалық белсенділігінің әртүрлі нысандарының ішінде, жаяу жүру әмбебап сауықтыру әсеріне ие. Заманауи ғалымдар: «Дәрілердің орынына жау жүру!» – деп жирялайды. Серуендеу, жақын туризм, терренкур (жалғыз аяқ жолдар бойынша жүру) сияқты сауықтыру әдістерінің негіздерінде тек қана жаяу жүру. Заманауи ғалымдардың пікірлері бойынша дәрілердің орынына жаяу жүрудің 15 түрі бар, әртүрлі қиындық дәрежеде:

- күнделікті жүру, қарқынды жүру, спорттық жүріс…

- жаяу жүру, гипертонияны, дистонияны, инфарктан кейінгі кардиосклерозды, эндартериитті, варикоз ауруларын, тыныс алу мүшелерінің, асқазан-ішек жолының аурушандықтарын, зат алмасуының бұзылуын емдеу амалы.

 

 

 

       Жаяу жүру денсаулық үшін, жүрек-қан тамырлары, тыныс алу, бұлшықет жүйелерінің функционалды деңгейін арттыру, сүйек жүйесін нығайту, дұрыс салмақ арқылы елеулі басымдылық береді. Физикалық белсенділік деңгейін қарапайым тәсілдермен көтеріңіздер, олардың ішінде бірінші орында – жаяу жүру!

 

Аягөз аудандық қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасы
Ұйымдастырушылық құқықтық жұмысы және мониториг бөлімі