«Ашық есік күні» өтті

2018 жылдың 3-7қыркүйегінде Отбасы күнін мерекелеу қарсаңында Аягөз  ауданының мемлекеттік органдарында азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің отбасы мүшелері үшін  «Ашық есік күні» өтті.

Іс-шараның басты мақсаты келушілерді мемлекеттік қызметшілердің күнделікті жұмысымен таныстыру, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық кезеңін көрсету. Бұл күні азаматтармен және мемлекеттік қызметшілердің отбасы мүшелерімен мемлекеттік қызмет аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар азаматтар өздерін қызықтырған сауалдарына бірінші басшыдан кеңестер алды.