Адамгершілік - адамшылдықтың ең биік шыны

31 шілде 2018 жылы Аягөз аудандық орталық кітапханасында «Адамгершілік-адамшылдықтың ең биік шыңы» атты пікір алмасу кеші өтті. Пікір алмасу кешіне  мектеп оқушылары қатысты. Кітапханашы баяндама оқыды. Адам жанының рухани тазалығы-ең басты міндет болып табылады. Қоғамдағы жеке адамдар арасындағы бауырмалдық, сыпайылық, әдептіліктің бәрі де адамгершіліктің белгісі. Ата-ананы құрметтеу адамгершілік қасиеттің ең негізгісі болып табылады. Адамдармен үнемі жылы сөйлесіп, тұру жақсы қасиет. Кітапхана оқырмандары өз ой пікірлерін ортаға салды.