Отан отбасынан басталады

24 шілде 2018 жылы Баршатас ауылдық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабына арналған «Отан отбасынан басталады» атты оқырмандар конференциясы өтті. Конференция қонақтарына ұлт мақтанышы Бауыржан Момышұлының өмірбаянын, шығармашылығын, даналық сөздерін айтып оқырмандарға таныстырылды. Жазушының шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқырмандар конференциясының мақсаты – елін, жерін шексіз сүйіп, құрметтеген батыр атамыздың ерлігін ұрпақтарына насихаттау.