Астана  күні  мерекесі

2018-жылдың 5-шілде күні Аягөз қаласының орталық алаңында Астананың 20 жылдық мерей тойына арналған «Астанам – елімнің жүрегі » атты мереке өтті. Мереке алаңға ҚР туымен үш мотоциклистің  шығуымен басталды.  ҚР мәдениет қайраткері А.Шегенбаеваның орындауында  «Астана» әннің  аясында   сахнада бишілер тобы,   алаңның ортасындағы орнатылған  подиумда  вальс биледі,  әннің аяғында  30  «жүрек»- шарлар  ұстаған жастар алаңға шығып аспанға ұшырды, сол кезде подиумның жан-жағынан «холодный фейеверк» атылды. Аудан әкімі Байахметов  Бақытжан  Кәкенқажыұлы қала тұрғындары мен қонақтарды Астана күні мерекесімен құттықтап, ауданнның әр саласы бойынша еңбек еткен қызметкерлерді Астананың 20 жылдық төсбелгісімен марапаттады. Мереке аудандық мәдениет үйінің әншілерінің мерекелік концертіне ұласып, мерекелік от шашуымен жалғасты. Жиналған қауым мерекеден үлкен әсер алып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.