Ел жүрегі – Астана

5 шілде 2018 жылы Нарын ауылдық кітапханасында Астананың 20 жылдығына орай ауылдық әкімшілік, мәдениет үйі және кітапхана ұжымының бірлесе отырып ұйымдастыруымен «Ел жүрегі - Астана» атты кітап көрмесі, «Астана – бас қала» атты сурет сайысы және мерекелік концерт өткізілді. Көрмеге ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары қатысты. Мерекелік іс - шарада бас маман Шынғожаев Берік қатысушыларды мерекемен құттықтады. Кітапханашы Көжекбаева Алтын көрмеге қойылған кітаптарға библиографиялық шолу жасады. Іс – шара соңы мерекелік концертпен өз жалғасын тапты.