Асқақтай бер - Астана

5 шілде 2018 жылы Мамырсу ауылдық округінде  Астана күнінің 20 – жылдығына орай «Асқақтай бер - Астана!» атты іс-шара өткізілді. Кітапханашы А.Қасымова «Елорда тарихы» атты  баяндама оқыды. Мәдениет үйінің артистері мерекелік концерт ұйымдастырды. Концертте туған жер, астана жайлы әндер орындалды. Кітапхананың жас оқырмандары викториналық сұрақтарға жауап берді. Кітапханада «Астана – рухани орда» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.