Жыр арқауы – Астана

Бүгінде Астана – қарыштап дамыған ел тірегінің символы. Астананың сән-салтанаты – республикамыздың қарқынды дамуының жарқын көрінісі, ұлт мақтанышы. Осы мерекеге орай 5 шілде 2018 жылы Аягөз аудандық орталық кітапханада «Жыр арқауы - Астана» атты әдеби – сазды кеш өткізілді. Кітапханашы жалпы оқырман қауымын қазақ жерінің кіндігіне айналған Астана тарихымен таныстыра отырып, көрнекті орындары жайлы әңгіме қозғады. Сонымен қатар балалар Астана жайлы өлең оқып, әсем әнге бөлеп, биден шашу шашты. Кешіміздің соңында қатысқан оқушыларға естелік сыйлықтар табыс етіліп, кітапхана ішіне саяхат жасалынды.