Елімнің жүрегі – Астана!

2018 жылдың 6 шілдесінде «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМКҚ-ның Аягөз аудандық филиалында Астананың  20 жылдық мерекесіне орай, «Ашық есік күні» өтіп, Аягөз әскери гарнизонының 10810 әскери бөлімі, мәдениет бөлімінің секторы кіші сержант Айгерім Омарбекқызымен бірлескен,  «Елімнің жүрегі – Астана!» -  атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Астана қаласы 1830 жылы Ақмола әскери бекінісі атанып, елді мекенге 1862 жылы қала мәртебесі берілді. 1863 жылы Ақмола округ, 1868 жылы уезд орталығына айналды. 1960 жылы 26 желтоқсанда тың өлкесі құрылып, Ақмола оның орталығы болды. Қала атауы Целиноград болып өзгертілді.  1997 жылы 20 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының Астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 10 шілде де Қазақстанның жаңа Елордасы – Астананың тұсауы кесілді. 2006 жылдан бастап 6 шілде Елорда күні ретінде атап өтіледі.

Мерекелік кешке 10810 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің отбасылары мен қала қонақтары қатысты.

10810 әскери бөлімі оркестр әншілері «Астана» тақырыбында әндер шырқап,  «Айгерім» бишілер тобы «Домбыра» биін орындады. Көтеріңкі көңіл күймен келген қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. Іс-шара музейдің экспозициялық бөлімдерін тамашалаумен жалғастырылды. Қатысушы саны – 60.