Рамазан –ұлы қонақ

7 маусым  2018 жылы Аягөз аудандық орталық кітапханасында   Зағиптар қоғамының  мүшелерімен бірлесіп ұйымдастыруымен «Рамазан –ұлы қонақ»  атты  Мамырсу ауылдық мешітінің  имамы М.Жанатевпен кездесу кеші өткізілді. Имам рамазан айының құдіретін, ораза ұстау ережелері мен ислам дінін уағыздап, ынтымақ пен бірлікке шақырды. Зағиптар  өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын имамға жолдап, толымды жауаптар алды. Қатысушылар имамға алғыстарын айтты.