Ұлы  Отан  соғысының  ардагері,  қоғам  қайраткері...

...Рымқұл Балтабекұлын еске  алуға  арналған үстел  теннисінен мектеп қызметкерлері, 5 – 11 класс оқушылары арасындағы аудандық жарыс

2018  жылдың   10 – 11 мамыр  аралығында  Д.Бабатайұлы  атындағы  орта  мектебінде  мектеп  қызметкерлері және  5 – 11 класс оқушылар   арасында  Ұлы  Отан  соғысының  ардагері,  қоғам  қайраткеріРымқұл Балтабекұлын еске  алуға  арналған үстел  теннисінен мектеп қызметкерлері, 5 – 11 класс оқушылары арасындағы аудандық жарыс

өткізілді.     

Ашылу  салтанатында мектеп  оқушылары  әдеби –монтажды  қойылым қойып,  көрермендерді  баурап  алды.Сөз кезегінде  аудандық білім  бөлімінің  басшысы Н.Әзімбаев қатысушыларды  Жеңіс  мерекесімен  құттықтап,Рымқұл Балтабекұлының  ұрпақтарына салауатты  өмір  салтын насихаттаудағы еңбектеріне алғысын  білдіріп,осындай игі істердің  болашақ  ұрпағымызға  берері  көп  екенін  айтып, қатысушыларға  сәттілік  тіледі.Рымқұл Балтабекұлының  қызы  Төлеу Рымқұлқызы әкесінің  өмір  баянын  айтып, Д.  Бабатайұлы  орта  мектебінің  әкімшілігіне,  ұжымына алғысын  білдірді.

Рымқұл Балтабекұлы 1943 жылы 10 наурызында 18 жаста майданға  аттанған. Артиллериялық  полктерде пулеметші  болған. 1943 – 1947 жылдары  майданда  болған. 1945 жылы Калкенгол және  Жапон соғысына  жіберіледі. Соғыстан  аман  есен  келген  соң, Семей  педагогикалық  училищесіне  түсіп, 1952 жылдан  мұғалімдік  еңбек  жолын  бастайды. 1960 жылы  мемлекеттік  педагогикалық институтын тәмәмдайды.

 1961 жылы  Айғыз ауылының советіне председатель  болып сайланды.  1965 -1968 жылдары  Калинин атындағы совхозда № 5  ферма  меңгерушісі,өндіріс инженері  болып  қызмет  атқарды.

1968 – 1975 жылдары Бақанас  елді  мекенінде бастауыш  мұғалімі   болған. 1975 жылы Өркен  ауылдық  советіне  председатель  болды. Осы  қызметті  абыроймен  атқарды.  1985 жылы кенеттен  жүрек  ауруынан  қайтыс  болды.

Балалары қазіргі  таңда балалары: үш  ұлы Қанат, Қанабек, Қайрат,  қыздары Құралай, Төлеу, Айгүл  еліміздің  түпкір–түпкірінде атамыздың немере,  шөберелерін  өсіріп,  бақытты  ғұмыр  кешуде.

Жарысқа  келетін  болсақ,жарысықа ауданымыздың  17 орта  мектебінің  командалары  қатысып,  бақтарын  сынады. Жарыстың  бас  төрешісі  Т.  Оспанбеков жарыс  тәртібімен  таныстырып,  жарыс  басталып  кетті.

Жарыс  өте  шиеленісті  өтті.Команда  ойыншылары бар  айла – тәсілдерін  қолдана  отырып,  қарсыластарын  қапы  қалтыруға  тырысты. Дегенмен,  шын мықты , мықты  екенін  дәлелдейді. Мектеп қызметкерлері  арасында тартысты  ойындар барысында  барлық  командаларды  сан  қақтырып, І  орынды  мектеп – гимназия командасы  иеленсе, ІІ  орынды Ақши, ІІІ орынды С. Ғаббасов    атындағы   орта  мектебінің командасы  иеленді. 

Оқушылар  арасында  І  орынды  Шынғожа  батыр  атындағы орта  мектебінің командасы, ІІ  орынды мектеп – гимназия  командасы, ІІІ  орынды Ақтоғай  орта  мектебінің  командасы  иеленді

Жарыс  соңында жеңімпаздар мен  жүлдегерлер және үздік ойыншылар аудандық Рымқұл  атамыздың  ұрпақтарының  арнайы  кубоктарымен, медальдарымен,  бағалы  сыйлықтарымен,  мақтау  қағаздарымен марапатталды.