ҰОС  ардагері, «Құрметті Аягөз қаласының азаматы» Ө.Ахмадиевты еске алуға арналған волейбол жарысы

2018  жылдың  4 - 5 мамыр аралығында 2002 – 2003 ж.т қыздар арасындағы  қоғам  қайраткері, ҰОС ардагері, «Құрметті Аягөз  қаласының азаматы» Ө. Ахмадиевты  еске  алуға арналған аудандық волейбол жарысын қазақ  мектеп лицей  әкімшілігі,  ұжымы  бірлесіп өткізді.

Ашылу  салтанатында  мектеп – лицей  директоры А. Қасымжанов,  білім  бөлімінің  әдіскері С. Қыржыбаев қатысушыларды Жеңіс мерекесімен  құттықтап, қысқаша  Өміртай  ағаның  игі  істері  туралы айта кетті. Патриоттық  тәрбиесі  зор іс – шара жалғасын  табуда. Жарысқа ауданымыздың  12 орта  мектептерінің  командалары  қатысты. Төрешілер  отырысында командалар  жеребе  арқылы 3 топқа бөлініп, 2 топ  лицейдің  спортзалында  ойнаса, 1 топ Д. Бабатайұлы атындағы орта мектебінде ойнады.

      Қорытындысына  келетін болсақ, І орынды лицей, ІІ  орынды № 7 орта  мектебі, ІІІ  орынды  гимназия командалары  иеленді.

      Жарыс соңында жеңімпаздар мен  жүлдегерлер, әр ойын  шебінде үздік  ойын  көрсеткен ойыншылар мектеп лицейдің арнайы  кубоктарымен,  мақтау  қағаздарымен, бағалы  сыйлықтарымен,  медальдарымен  марапатталды.