9 мамыр  Жеңіс күні

2018 жылдың 9 мамыр күні Аягөз қаласының орталық алаңында Ұлы Жеңіс күніне  арналған мереке өтті. Ұлы Жеңіс күні мерекесі «Мәңгілік полк» шеруімен басталып, ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасын тапты.Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтарға арналған бір минуттік үнсіздіктен кейін аудан әкімі Б.К.Байахметов қала тұрғындарын  Жеңіс күні мерекесімен құттықтады. Ұлы Отан соғысының ардагері,  Аягөз ауданының «Құрметті азаматы» Смағулов Қабден  Қасенұлы мерекемен құттықтап , бата берді.№10810 әскери бөлімінің командирі Ғабдуллин Бекболат Құрманұлы құттықтау сөзінен кейін мерекелік шеруді бастады. Шеру аяқталысымен сахнада мерекелік концерт басталды.