Зағиптар арасында өткен «Жігіт сұлтаны-2018» сайысы

2018 жылдың 5 мамыр күні  аудандық «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» мәдениет үйінде зағиптар арасында «Жігіт сұлтаны-2018» сайысы өтті. Сайысқа бес ер жүрек жігіттер қатысып, сайыстың бес түрінен сынаққа түсті. «Жігіт сұлтаны» сайысын  ұйымдастырушы,  зағиптар ұйымының төрайымы Елшибекова Құралай жігіттерге ақ жол тілеп құттықтады. Сайыстың әділқазы  алқасы  әділ бағаларын беріп өз шешімдерін шығарды. Сайыстың қорытындысы бойынша: 1- орынды Егеубеков Құсман, 2- орынды Нұрғазов Махмуд, 3- орынды Тұраров Мақсұтбек иеленді. «Тапқыр  жігіт» номинациясы Шыңқожа ауылынан келген Барлықбаев Сейсенбайға, «Ұшқыр жігіт» номинациясы Мамырсу ауылынан келген Бейсембаев Сапарғазыға берілді. Сонымен қатар сайысқа қатысушылар  дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.