«Ән – өмірім» атты шығармашылық кеш

2018-жылдың 13-сәуір күні аудандық «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйінде облыстық, республикалық конкурстардың лауреаты, аудандық мәдениет үйінің жезтаңдай әншісі Раида Садыкованың «Ән - өмірім» атты есеп беру концерті өтті. Концерт «Аякөз» халықтық ұлт аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Раиданың орындауындағы М.Ибраевтің «Туған жер», Ш.Қалдаяқовтың «Ақмаңдайлым» әндерімен басталды. Бағдарламада Қазақстан композиторларының әндері мен «Өнер» мектебінің ұстаздарымен акапелла, аудандық мәдениет үйінің әншілерімен қосылып дуэт, «Әйгерім» бишілер тобы мен аудандық мәдениет үйінің бишілерінің билері, «Баян сұлу» ән-аспапты ансамблінің сүйемелдеуімен әндер орындалды. Концерт соңында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және  спорт бөлімі бастығының м.у.а. Жандос Ілиясұлы Аманов құттықтап сөз сөйледі. Концерт өте жоғары деңгейде өтті, жиналған көрермендер  көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.