«Жас қанат» аудандық байқауы

2018 жылдың 12-сәуірінде аудандық «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет үйінде «Жас қанат» конкурсы өтті. Мәдени іс- шара конкурсантың дайындығын, өлке-тану мұражайына саяхаттарын түсірген бейнебаяндарын көрсетумен басталды. Кәсіби музыканттардан құрылған әділқазылар алқасы әділ бағаларын беріп, конкурстың қорытындысын шығарды. Конкурстың қорытындысы бойынша: III-орынды Наурызхан Сымбат (№3орта мектеп) , Қуатбек Альбина (Айғыз ауылы),Зарықканова Аяулым (Баршатас ауылы) бөліссе, II-орынды Серікхан Айдана (№5 орта мектеп),Советова Нұрайым (Ақтоғай кенті), Мұратжанов Еркінғали (Мыңбұлақ ауылы), І орынды Мұхаметкалиев Асылан (Мамырсу ауылы) және Әбілқаирова Салима (К.Бозтаев атындағы мектеп) иеленді, «Жас қанат-2018»-дың құрметті атағы мен бас жүлде Байдүсенова Мәдинаға (№ 3 орта мектеп) берілді.