Ашық үкімет

Ашық үкімет https://open.egov.kz/

Екі жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатында бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадамды белгіледі. Солардың ішіндегі соңғы 10 қадам «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» реформасын іске асыруға бағытталған.Атап айтқанда, 94-ші қадамда Ашық үкіметті енгізу міндеттері белгіленген.
«Ашық үкіметтің» мақсаты - ашық және есеп беретін мемлекетті құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және жаңа технологияларды мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру үшін қолдану болып табылады.
Ашық үкімет мынадай бес компоненттен тұрады: ашық деректер, ашық нормативтік құқықтық актілер, ашық диалог, ашық бюджеттер және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау.

Ашық нормативтік құқықтық актілер https://legalacts.egov.kz/

Ашық нормативтік құқықтық актілер – Ашық үкіметтің тағы бір компоненті болып табылады. Бұл портал қоғамдық бастамаларды, мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын және де шешімдерін сараптауға азаматтардың қатысуын қамтамасыз етеді.
Осыған дейін электрондық үкімет порталында міндетті түрде мемлекеттік қызметтердің стандарттары талқыланған болса, «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» Заңының қабылдануының арқасында барлық заң жобалары, нормативтік құқықтық актілер жобалары міндетті түрде нормативтік құқықтық актілер интернет порталында қоғамдық талқылаудан өтеді.
2017 жылы порталға барлық облыстық басқармалар мен қалалардың, аудандардың әкімдіктері, дербес бөлімдер, ауылдық округтер 840 астам НҚА жобаларын орналастырды. Барлық келіп түскен пікірлер қаралды және жауаптар берілді.

Ашық бюджеттер www.budget.egov.kz

Портал азаматтардың мемлекеттік «бюджеттік жоспарлау» ұғымының тұжырымдамасымен тереңірек танысып, бюджет қаражатының жұмсалуына қоғамдық бақылау арқылы белсенді азаматтық позициясын дамыту үшін құрылған.
Ашық бюджеттер порталында бюджеттік есептілік, шоғырландырылған қаржы есебі мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері туралы ақпарат орналасқан. Сондай-ақ, бюджеттік бағдарлама жобаларының және өткен қаржылық жыл бойынша бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерінің қоғамдық талқылауы өтеді.
Қоғамдық талқылау, мемлекеттік бюджет қаражатын бөлу үрдісіне халықтың белсенді қатысуы арқылы, азаматтар мен үкімет арасындағы өзара қатынасты нығайтуға бағытталған. Азаматтар, мемлекеттік органдар ескеріп, алдағы жұмыстарында есепке ала алатын ұсыныстарды, бюджеттік бағдарламалар жобалары/бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептері бойынша ой-пікірлерді енгізуге құқығы бар.
2017 жылы порталға барлық облыстық басқармалар мен қалалардың, аудандардың әкімдіктері, дербес бөлімдер, ауылдық округтер 2597 астам бюджеттік бағдарламалар жобаларын, іске асыру туралы есептерді орналастырды.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдарының бюджеттік бағдарламалары жобаларына 2017 жылы және 2018 жылдың 1-тоқсанында пікірлер түскен жоқ.