«Жүрек жылуы» атты шығармашылық кеш

2018 жылдың 8 наурыз күні аудандық «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет үйінде мәдениет үйінің әртісі Аяулы Сарбасованың «Жүрек жылуы» атты шығармашылық кеші өтті. Сахна шымылдығын А.Сарбасованың орындауында  «Өмірді ғана аңсадым»  әнімен  ашты. Концерттік бағдарламада А.Сарбасованың шәкірттері, балалар және ән салуды үйреніп жүрген үлкен кісілер де қатысып, әндерінде туған жерге деген, анаға деген махаббаттарын көрсетті. Концертті жиналған көрермендер көтеріңкі көңіл күймен қабылдап алғыстарын білдірді.