8 наурыз Халықаралық әйелдер күні

2018 жылдың 7 наурыз күні аудандық «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет үйінде Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік салтанатты жиын және концерт өтті.  Концерт  «Әйел ғұмыры» би қойылымымен  басталды. Мерекелік концертінің  барлық бағдарламасы аналарға, аруларға арналды. Мерекелік іс-шара «Баян сұлу» ән- аспапты ансамлінің  орындауында Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнімен аяқталды. Сондай-ак Халықаралық меркесіне арналған концерттер барлық ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарда өткізілді.