Аягөз  ауданының  «Шығыс ұландары» сыныптарының оқушылары Шүлбі қаласында өткен облыстық Қысқы  Спартакиадасында

2018 жылдың 9 -11 наурыз аралығында Аягөз ауданының «№ 6 жалпы  білім  беретін  орта  мектеп  интернатымен» КММ –ң «Шығыс ұландарының»  5 «ә» сыныбының оқушылары Шүлбі қаласында өткен облыстық Қысқы  Спартакиадасына қатысып,  жалпыесептік  көрсеткіш  бойынша  ІІІ  орын  алып,  ауданымыздың  мәртебесін  көтеріп тастады. Жарысты ұйымдастыру  алқасы тапсырған «Арнайы ер балаларға  арналған «Жас ұлан» мектеп – лицей  интернаты» КММ –і өткізген Қысқы  Спартакиада  бағдарламасында болған шаңғы  эстафетасы, қардан  мүсін  жасау,  тарихтан  тест  сұрақтарына  жауап  беру, шанамен кедергілерден  өту, полиатлон көпсайысы  сияқты түрлеріне  қатысып, шығармашылық  сайыстан  ІІ  орын, полиатлон жарысында ІІІ  орын иеленді. Жетекшілер Н.  Нуржауов, М. Нурпейсов бастап  апарған  ұландарымыз, үлгілі  тәртіп  көрсетіп,өздерін  барлық  сайыстарда жоғарғы  деңгейде  көрсете  білді.

Ұландарымыз «Жас ұлан» мектеп – лицей  интернатының бастығы  полковник К. Оқасовтың және  «Қосымыша  білім  беру  және  дене  шынықтыру  орталығының»  басшысы  А.  Ақылбектің кубогымен, медальдарымен,  мақтау  қағаздарымен марапатталды және  команданы  жақсы  дайындағын  үшін  жетекші Н.  Нуржауов та  мақтау  қағазбен  марапатталды.

«Алар  биіктерің  көп  болсын,  жас  ұландар!!!»