«Наурыз»  мерекесіне және Халыққа еңбегі  сіңген емші, ұстаз Омархан қари Қажыұлы Қазыбай қари жүлдесіне  арналған  мектеп  қызметкерлері  арасындағы ХІ –ші дәстүрлі  волейбол жарысы

2018  жылдың  9-10   наурыз  аралығында № 4 орта  мектебінің және Мамырсу ауылдық  округіндегі балалар – жасөспірімдер  спорт   мектебінің спорт залында  мектеп  қызметкерлері   арасында  «Наурыз»  мерекесіне және Халыққа еңбегі  сіңген емші, ұстаз Омархан қари Қажыұлы Қазыбай қари жүлдесіне  арналған  волейболдан  жарыс  өткізілді.     

Ашылу  салтанатында  мектеп  директоры Қ. Тастанбеков,аудандық  білім  бөлімінің  әдіскері С. Қыржыбаев ұстаздарды, қатысушыларды «Наурыз» мерекелерімен құттықтап, ұстаз Омархан қари Қажыұлы Қазыбай қариды  еске алуға  арналған жарысқа қатусыушыларға  және  алыстан  ат  терлетіп  келген  командаларға сәттілік тіледі. Қатарынан он бірінші  рет  өткізілген  жарысты № 4 орта  мектебінің директоры Қ.  Тастанбеков бастаған ұжым үнемі  жоғарғы  дәрежеде өткізуде.! Оқушылар  ән  айтып, әдемі киімдерінмен әсем   би    орындап, қатысушыларға жақсы көңіл – күй сыйлады.

Жарыстың бас  төрешісі Е. Игисинов   жарыстың  өту  барысымен  таныстырды. Жарысқа  11  команда  қатысатынын, ақтық  ойындарғы  шығу ережесін  түсіндірді.

Қала  мектептерінен № 1, № 4,К.  Бозтаев  атындағы  орта  мектептері,    балалар – жасөспірімдер  спорт мектебі, политехникалық  колледж командалары  қатысса, ауылдық  округтерден ,Айғыз орта  мектебі,О.  Менаяқұлы  атындағы  орта  мектебі,М. Әбеулов,Ж.  Жабаев, Т. Көбдіков, С. Ғаббасов  атындағы  орта  мектептер  командалары  жарыс  жолына  шықты.Жиыны  11 команда жарыс  жолына  шығып,  мықтыларды  анықтады.

Командалар  3  топқа, жеребе  арқылы  бөлінді. Ақтық  ойындарға   № 1 , № 4 ,балалар – жасөспірімдер спорт  мектебі командалары  жолдама  алып,  жүлделі орындарды  сарапқа  салды. Ақтық  ойында № 1 орта  мектеп  командасы жақсы  өнер  көрсетіп, І  орынды, ІІ  орынды  балалар- жасөспірімдер  спорт  мектебінің  командасы ,ІІІ  орынды № 4 орта  мектебі  командасы иеленді.

Жарыс  соңында жеңімпаздар мен  жүлдегерлер және үздік ойыншылар  Қазыбай  қаридың ұлдарының арнайы әкелген кубоктарымен , аудандық  білім  бөлімінің  мақтау қағаздарымен марапатталды.